«Құпия» ақпарат

Жолшиев неге үлкен футболмен қош айтысты?

Жолшиев неге үлкен футболмен қош айтысты?
news-banner7
mobile-news-top

Бауыржан Жолшиев маусым басталмай тұрып өзінің бұрынғы командасы «Астананың» сапында оқу-жаттығу жиынын өтіп, дайындалған еді.

Алайда футболдан екі жыл қол үзіп қалған футболшы елордалық командамен келісімшартқа отырған жоқ. Сол кезде «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян футболшының бабында еместігін алға тартып, Бауыржанның бұрынғы деңгейге шыға алмайтынын айтқан болатын. Осы себепті 27 жастағы футболшымен келісімшартқа отыра алмаған-мыс.

«Құпия» ақпарат блогы сіздерге бар шындықты жайып салмақ. Бізге белгілі болғандай, Бауыржанның әлі күнге дейін команда таба алмай жүргеніне оның «тәбеті» себеп болған. Елордалық клубпен келісімшартын ұзартарда Бауыржан Жолшиев жалақысын жылына 1 миллион долларға дейін өсіруді талап еткен. Оның үстіне қосымша 4 миллион доллар сыйақы сұраған. Бұған «Астананың» басшылығы үзілді-кесілді қарсы болған. Одан кейін барған «Қайрат» та мұндай жалақыны төлеуден бас тартқан. Осы жылы «Астанада» екінші мәрте бағын сынап көрмек болған Бауыржан клуб басшылығымен келісімшарт туралы сөйлескенде, айтқанынан таңбай, 1 миллион доллар жалақы сұраған. Әрине, бұған «Астана» басшылығы көнбеген. Осы себепті, Бауыржан Жолшиев әлі күнге дейін командасыз жүр.

Осылайша, Қазақ футболы көкірегін тескен ақшаның кесірінен тағы бір дарынды футболшысынан айырылды.

P.S. бұл бізге жеткен ақпарат. Шын-өтірігін өздеріңіз саралай жатарсыздар!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер