Жаға ұстатты
Футбол

Қазақ жігіті Қытайда футбол матчынан кейін қаза тапты

Қазақ жігіті Қытайда футбол матчынан кейін қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан азаматы Гуанчжоу қаласындағы жалдамалы пәтерде қайтыс болды.

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер департаменті растады.

«4 сәуірде алдын ала тексеріс бойынша 27 жастағы Қазақстан азаматының жүрегі тоқтап қалған. Жамбыл облысының тумасы қазір Алматыда тұрып жатқан. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, футбол ойнап келген соң ол өз пәтеріне оралып, сол жақта есінен танып қалады. Оған пәтерді жалға берген әйел жедел жәрдем шақырғанымен, оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын көрген», - деп хабарлады департаментте.

Бүгінде қазақстандық дипломаттар қайтыс болған жігіттің туыстарымен байланыста екен. Ал Қазақстан консулы оның денесін елге алып келу үшін Гуанчжоуға аттанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер