русский язык

ҚПЛ: Төртінші тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: Төртінші тур ойындарының тікелей трансляциясы

Бүгін ел біріншілігінің төртінші туры аясында алты ойын өтеді. Prosports.kz назарларыңызға аталмыш ойындардың тікелей трансляциясын ұсынады

Осы турға жоспарланған барлық матчтар бүгін өтеді. Бірақ, ойындардың басталуы бірдей уақытта емес.

Сағат 15:00-де төрт матч басталады: «Жетісу» - «Қайсар», «Ертіс» - «Астана», «Тобыл» - «Атырау» және «Шахтер» - «Қызылжар СК».

Ал қалған екі ойын 17:00-де басталады. «Қайрат» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдаса, «Ордабасы» Шымкентте «Ақтөбемен» күш сынасады.

Ойындар Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының youtube желісіндегі ресми каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;