русский язык

«Ертіс» - «Астана» арасындағы кездесуге Данияр Сахи төрелік етеді

Қазақстан Футбол Федерациясы Төрешілер мен инспекторлар департаменті Премьер-Лига ойындарының төртінші туры аясында «Ертіс» - «Астана» арасында өтетін ойында қызмет атқаратын төрешілер құрамын бекітті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Ойынның бас төрешісі қызметіне қызылордалық Данияр Сахи тағайындалды. Сахи «Ертіс» және «Астана» командалары арасында өтетін кездесуді алғаш рет басқарғалы отыр, бұған дейін ол «Астана» қатысқан алты ойынға төрелік еткен болатын.

Қызылордалық қазы осыған дейін Қазақстан Кубогы аясында өткен «Астана» және Павлодар облысының өкілі «Екібастұз» командасына қарсы өткен ойында қызмет жасаған. Сахи аталмыш кездесуде 4 сары қағаз көрсетсе, соның бірінде елордалық команда капитаны Таңат Нөсербаевты жазалаған.

Ал «Астана» командасының қатысуымен өткен 6 ойында Данияр 21 сары қағаз көрсетіп, 1 ойыншыны алаңнан қуған. Талдықорғандық «Жетісуға» қарсы өткен ойында алаңнан қуылған футболшы «Астана» шабуылшысы Алексей Щеткин болды. Сахидің қолынан елордалық команда қорғаушысы Игорь Шитов соңғы 2017 жылы өткен «Шахтер» және «Тобыл» командаларына қарсы кездесуде жазаланған.

7 сәуірге жоспарланған алдағы ойында Сахиге Илашбек Орунбаев (Шымкент) пен Артем Конивец (Сайран) көмектеседі. Бас төрешінің негізгі асистиенттері қызметін Булат Сариев (Орал) пен Александр Гаузер (Петропавл) атқарады. Қосалқы төреші:Григорий Московченко (Павлодар). Матч инспекторы: Сергей Цареградский (Алматы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;