русский язык
Бокс

Бокстан ӘЧ. Дычко финалға шыққан алтыншы жерлесіміз

Бокстан ӘЧ. Дычко финалға шыққан алтыншы жерлесіміз

Әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Иван Дычко неміс боксшысы Эрик Пфайфермен қолғап түйістірді.

Иван қарсыласына қарағанда дәлірек соққылар жасап, нәтижесінде сенімді жеңіске жетті - 3:0.

Бұған дейін Біржан Жақыпов (49 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ақтық сынға шыққан болса, Қайрат Ералиев (56 кг) пен Берік Әбдірахманов (60 кг) қола жүлде иегерлері атанған болатын. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;