Командалық

Әлемдік лигаға қатысып жатқан Қазақстан құрамасы үшінші жеңісіне жетті

news-banner7
mobile-news-top

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Оклендте өтіп жатқан Әлемдік лигасының Интерқұрлықтық кубогында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Отандастарымыз топтық кезеңдегі кезекті кездесуін Жаңа Зеландияның екінші командасына қарсы өткізіп, 15:7 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы осының алдында канадалықтар мен аргентиналықтарды жеңіп, Австралиядан жеңілген болатын.

Осы жеңісінен кейін қазақстандықтар өз тобында сегіз ұпаймен Австралиядан кейінгі екінші орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер