Командалық

Қазақстандық ватерполшылар Жаңа Зеландиядан басым түсті

news-banner7
mobile-news-top

Су добынан Қазақстан құрамасы Әлемдік лига аясында Интерқұрлықтық кубоктағы 5-8 орын үшін өткен матчта Жаңа Зеландияны жеңді, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл жолы жерлестеріміз пенальти сериясында жеңіске жетті – 4:3. Ойынның негізгі уақыты 14:14 есебімен тең аяқталған болатын. Жалпы есеп, 18:17.

Айта кетейік, кеше қазақстандықтар ширек финалда Қытай құрамасынан жеңіліп қалды. Енді ертең турнирдегі бесінші орын үшін Жапониямен кездеседі. Жеңіске жетсе Әлемдік лиганың финалдық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер