ММА

Бақтияр Несіпбек «Алаш Прайд» халықаралық Гран-при турнирінде жұдырықтасады

news-banner7
mobile-news-top
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Бақтияр Несіпбек «Алаш Прайд» халықаралық Гран-при турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Qsport.kz.

14 сәуір күні аралас жекпе-жектен «Алаш Прайд» халықаралық Гран-при турнирінде Бақтияр Несіпбек кезекті жекпе-жегін өткізеді. Каратэ годзю-рюдан екі дүркін әлем чемпионы Бақтияр дағыстандық Хизри Абдуллаевқа қарсы жұдырықтасады. Жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыздың қарсыласы әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген. Ол 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Бақтияр Несіпбек сегізбұрышта 5 жекпе-жек өткізіп, 4 мәрте жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер