ММА

Қарағандыда грепплингтен ел чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыда грепплингтен ел чемпионаты өтедіСәуірдің 8- і күні Қарағандыда грепплингттен балалар, жасөспірімдер, жастар, ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыстың басты мақсаты грепплинг спортын дамыту, осы спорт түрінен ұлттық құрама командасын құру үшін мықты спортшыларды анықтау және Азия мен Әлем біріншіліктеріне іріктеу болып табылады.

Бұл жарысқа жасы 10-нан асқан балалардан бастап одан жоғары кез келген азаматтар қатыса алады. Жарыс «Жастар» спорт кешенінде халықаралық федерация белгілеген ережеге сәйкес, жас әрі салмақ дәрежелері бойынша өткізіледі.

Ел чемпионаты сағат 10:00-де, ал, салмақ өлшеу рәсімі бір күн бұрын осы спорт кешенінде өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер