русский язык

Қытайлық ауыр атлетші әлемдік рекорд орнатты

Қытайлық ауыр атлетші әлемдік рекорд орнатты

Қытайлық Лу Сяоцзюнь ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальді еншіледі. Вроцлавта (Польша) өтіп жатқан спорт додасында ол 2012 жылғы Олимпиадада өзі жасаған рекордты жаңартты.

Лу Сяоцзюнь 77 келіге дейінгі салмақта екі жаттығудың нәтижесі бойынша 380 келі (176+204) зіл темірді көтерді. Осылайша, Олимпиада рекордын 1 келіге жаңартты. Екінші орын 359 келі (163+196) нәтижесімен КХДР өкілі Ким Кванг Сонгуға тиді. Ал өзбекстандық Ұлықбек Әлімов 355 келіні (158+197) көтеріп, үшінші орынға тұрақтады.

Ауыр атлетика бойынша әлем чемпионаты қазанның 27 күні аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;