Теннис

Хорватияда қазақстандық теннисшілердің ширек финалдағы қарсыласы анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Хорватияның Вараждин қаласында теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы жартылай финалға өтетін жолдаманы сарапқа салады.

Таяуда дүбірлі доданың жеребе тарту рәсімі өтіп, жерлестеріміздің ширек финалдағы қарсыласы анықталды. Ертең жарыс жолына алғаш болып, Дмитрий Попко шығады. Оның қарсыласы – қазіргі Хорватияның ең үздік теннисшісі Марин Чилич. Айта кетейік, 21 жастағы Дмитрий хорватиялықтың деңгейіндегі спортшыға қарсы кортқа алғаш рет шығып отыр.

Дмитрий Попко, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

- Матчтың басынан ұзақ қашықтықта жұмыс істеуге тырысамын. Соңғы кездері топырақ төселген кортта сенімді қимылдап жүрмін. Бар күшімді салып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Екінші матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Борн Чоричпен кездеседі. Ал жұптық сайыста Александр Недовесов пен Тимур Хабибулинге Иван Додиг пен Николо Мектич қарсы тұрады. Жерлестеріміз бұл кездесулерден жақсы нәтиже күтіп отыр.

Александр Недовесов, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

- Бұл біз үшін жақсы сынақ болады. Сыннан сүрінбей өтеміз деп сенемін. Жұптық сайыстағы ойынымызды дамыта түссек дейміз. Ал соңғы ойын күнінде теннис сүйер қауымды шын мәнінде тартысты кездесулер күтіп тұр. Чилич пен Кукушкин, Чорич пен Попко өзара кім мықтыны анықтайды. Ұлттық құраманың капитаны Диас Досқараевтың айтуынша, жерлесетеріміз хорватиялықтардың ойынын жан-жақты зерттеген көрінеді.

Диас Досқараев, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:

- Хорватияға, Чилич пен Чоричке қарсы Хорватияда ойнасаң, бір ғана тәсілді қолдана аласың. Ол кортқа ең мықтыларды ғана шығару. Әр ұпай, әр мүмкіндікке таласудан басқа амал жоқ. Үшінші күні 2:1 есебімен алда тұрамыз деп үміттенемін.

Ертең өтетін екі ойынның алғашқысы Астана уақыты бойынша 17:45-те басталады.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер