русский язык

«Астананың» наурыз айындағы үздік ойыншысы болып Томасов танылды

«Астананың» наурыз айындағы үздік ойыншысы болып Томасов танылды

«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер команданың наурыз айындағы үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтап көрді.

Астаналықтар көктемнің алғашқы айында төрт ойын өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Доп айырмасы: 10:0.

Ал жанкүйерлердің таңдауы команданы жартылай қорғаушысы Марин Томасовқа түсті. Хорватиялық ойыншы осы айда үш гол соғып, 4 нәтижелі пас беріп, команданың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Томасов жанкүйерлер тарапынан 56,7% дауыс жинады.

Елордалық жанкүйерлер екінші орынға Ненад Эрич лайықты деп таныды. Команда капитаны өз қақпаасына бір де бір гол жіберген жоқ. Оның «құрғақ» сериясы әлі де өз жалғасын табуда.

Ал үздік үштікті Патрик Твумаси қорытындылады. Ганалық ойыншы наурыз айында «Жетісу» және «Қайсар» қақпаларына гол соқты.

Наурыз айындағы үздік бестік:
1.Марин Томасов 56,7%
2.Ненад Эрич 14,9%
3.Патрик Твумаси 14,5%
4.Абзал Бейсебеков 4,6%
5.Дмитрий Шомко 4,2%
Дауыс беруге 3 367 адам қатысты.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;