TasBet01
Әлем футболы

ЕЛ. ЦСКА «Арсенал» қақпасынан саңлау таба ала ма?

ЕЛ. ЦСКА «Арсенал» қақпасынан саңлау таба ала ма?
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойыннан соң-ақ жартылай финалға кімдердің жолдама алатыны белгілі болғандай.

Бүгін кезек Еуропа лигасында ойнап жатқан командаларға келіп жетті.

Сегіз мықты жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Командалар алғашқы ойында бар мәселені шешіп тастауға тырысатыны анық.

Жалпы Еуропа лигасында қай клуб топ жаруы мүмкін дегенде «Арсенал» мен «Атлетико» командаларының аты жиі аталуда.

Лондондықтар бүгін ЦСКА командасын қабылдайды.

Бұл кездесуде алаң қожайындары фаворит екендігіне ешкім шүбә келтіре қоймас. «Милан» клубын жолдан тайдырған «Арсеналға» ЦСКА кедергі болмауы тиіс. Дегенмен мәскеулік клуб сырт алаңда керемет ойын өрнегін көрсетіп жүр. Бұл сөзімізге «Лионмен» болған ойын дәлел. «Арсенал» қорғаушыларын да мінсіз дей алмаймыз.

Болжам: ЦСКА гол соғады 1.96 коэфицент.

«Атлетико» клубы Еуропа лигасын былай қойғанда Чемпиондар лигасының жартылай финалына лайық команда. Топтық кезеңде «Челси» мен «Рома» клубтарын алға жіберіп қойған мадридтік команда «қолын мезгілінен кеш сермегендер» қатарында. Испания біріншілігінде «Барселона» клубы шаң қаптырып кеткен. Маусымды сақтап қалу үшін «Атлетико» клубына қалай да Еуропа лигасында топ жару керек. Диего Симеоне бірнеше ойыншыларын әртүрлі себептерге байланысты алаңға шығара алмайды. Дегенмен бүгін жасыл алаңға шығатын ойыншылар гол соғуға келгенде сараңдық таныта қоймас.

Болжам: кездесудегі голдар саны 2,5-тен көп 2.15 коэфицент.

Екі болжам қортындысы 4,2 коэфицентке тең

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер