русский язык
Хоккей

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Ижстальды» жеңді

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Ижстальды» жеңді

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Ижсталь» (Ресей, Ижевск) командасынан басым түсті.

Матчтың алғашқы шайбасын «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері салды. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал үшінші кезеңде «Ижсталь» таразы басын теңестірді. Осыдан кейін ойын қосымша уақытқа, яғни овертаймға ұласты. Онда Өскемен қаласының хоккей клубы табандылық танытып, екінші шайбасын соғып кетті. Қорытынды есеп - 2:1.

Айта кетейік, осы ойында «Қазцинк-Торпедо» екі ұпайды олжалады. Бүгінде команданың еншісінде барлығы 35 ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде тек «Торосқа» (36 ұпай) ғана жол беріп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;