ММА

Неліктен Артем Лобов үшін өзгелер зиян шегуде

Неліктен Артем Лобов үшін өзгелер зиян шегуде
news-banner7
mobile-news-top

UFC 223 турнирі қарсаңында Нурмагомедов Конор Макгрегордың жақын досы Артем Лобовпен қақтығысып қалған болатын. Prosports.kz Артем Лобовтың кім екендігін және Нурмагомедовтың неліктен оған тиіскендігін анықтап көрмек.

Өткен сәрсенбі күні UFC чемпиондығына үміткер Хабиб Нурмагомедов Артем Лобовпен сөзге келіп қалды. Кейін бұл жағдай Нурмагомедов командасының араласуымен қақтығысқа ұласты.

Төмендегі видеодан қақтығысқа Хабибтің менеджері Абдель Азиз, допингпен ұсталған Зубайра Тухугов және Ислам Махачев пен Омар Нурмагомедов қатысқандығын көруге болады.

Көпшілікке «Конордың егізі» ретінде танылған қазақстандық Ислам Бадургов та бұл жанжалдан шет қалмады. Видеода оны Тухугов жеке шақырып алып сөйлескен.

Зубайра мен Конордың арасы ежелден дұрыс емес. Алғашында ол Лобовты кездесуге шақырып, кейін Макгрегорға тіл тигізген.

Бірнеше ай бұрын Бадургов ММА-да өнер көрсету мақсатында Макгрегордың залында жаттығуын бастаған.

Лобов болса Қазақстанда өткен Fight Night Global 80 турнирінде өзінің досы Питер Куиллиді қолдау мақсатында келген болатын.

Бәрі неден басталды

Өткен айдың жазында Конор Макгрегордың жақын досы Артем Лобов MMA-Тематика порталына берген сұхбат барысында Нурмагомедовқа тиіскен еді.

«Конар жарақаты болса да кездесуге келісім береді. Тізе жарақаты бола тұра ол Нейт Диаспен жекпе-жек өткізді. Ал Хабиб болса осымен алтыншы рет кездесуден бас тартып отыр. Қит ете қалса кездесуден бас тарту Хабиб үшін қалыпты нәрсе. Оның жанкүйерлерге түкіргені бар. Конор болса әр кездесуіне шығады, ол нағыз чемпион. Ал Хабиб оған ешқашан жете алмайды», - деді Лобов сол сұхбатында.

Дәл осы сөздер кешегі қонақүйде болған келеңсіз жайтқа себеп болған.

Конор мен Хабибтің ежелден жұлдыздары бір-біріне қарсы. Екеуі де бір-бірін мұқататын мүмкіндік болса қалт жібермейді.

UFC турнирінің салмақ өлшеу кезінде екеуі дәлізде кездесіп қалып бір-біріне дауыс көтергендері белгілі.

Бұл жағдай алғаш рет болып отырған жоқ

Артем Лобовқа ресейлік жанкүйерлердің көзқарасы біржақты емес. Бір жағынан ол Ресейдің Нижний Новгород қаласында дүниеге келіп, он төрт жасында Аргентинаға қоныс аударған. Кейін Ирландияға тұрақтады. Екінші жағынан ол Конор Макгрегордың жақын досы.

Мирзаев пен Лобов түнгі клубтардың бірінде бірге демалған жеріне Мирзаевтың жерлестері келген. Дағыстандық жанкүйерлер Лобовқа досың Хабибтан қашып жүр деген сыңайда дөрекі сөйлеген. Қонағы үшін Мирзаев араша түскен. Алайда бірнеше күннен кейін Мирзаев суық қарудан жарақат алды.

Сондай-ақ 2015 жылы Нурмагомедов командасы ағайынды Нейт және Ник Диастармен қақтығысып қалған.

Дереккөз:Prosports.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер