русский язык
Футбол

Үш ойында екі ұпай

Үш ойында екі ұпай

Қарағандылық "Шахтер" Еуропа лигасы аясындағы топтық кездесуде голландиялық "АЗ Алкмаармен" тең түсті. "Астана-Аренада" өрібіген матч 1:1 есебімен аяқталды. 

Алғашқы үш минут ішінде қарағандылықтардың "жоқ" дегенде екі гол соғатын мүмкіндігі болған: "АЗ Алкмаар" қақпашысы Альварадо Эстебанмен бірге-бір шыққан Геворг Казарян айласын асыра алмаса, артынша Сергей Хижниченко да сасып қалды. Дегенмен басымдықты бермей доп ұстауға тырысқан "Шахтер" ойыншылары қонақтар қақпасына төне берді. Ақыры 11-і минутта діттегеніне жетті. Аут, Вичус, Финонченко, Гол... Алақаны күректей 3-і нөміріміз оң қапталдан аут лақтырып доп Андрей Финонченкоға жетті. Жығылып-сірініп барып допты қақпаға енгізген "Шахтер" капитаны есепті ашты. 

Кейін ойын тең дәрежеде өрбіді. Қонақтар да алға ұмтылды. 26-ы минутта қорғаушыларымыз қателік жіберіп, Йохан Гудмундссон Мокин қақпсының бос бұрышына доп аттандырды. Артынша қос тарап бірнеше шабуыл ұйымдастырып соққы алмасты. Алайда гол кірмеді.

Екінші тайм бастала салысымен Сергей Хижниченконың тамаша мүмкіндігі болды. Коста-Рикалықпен жеке дара шыққан ұлттық құрама шауылшысы тағы мүлт кетті. "Аз" ойыншылары алыстан соққылар бағыттаған. Қорғаушыларымыз құтқарып тұрды. Дик Адвокат шәкірттерін тең нәтиже де қанағаттындырмақ, себебі бапкер ойыншы алмастырмады. Жанкүйерге жеңіс пен қуаныш сыйламақ болған кеншілер гол соғуға қанша асықса да қолдан ештеңе келмеді.

Жерлестеріміз үш ойында екі ұпай жинады. Ал "АЗ Алкмаардың" еншісінде бес ұпай. 

Футбол. Еуропы лигасы. Топтық кезең. 3-і тур:
"Шахтер" (Қарағанды) - "АЗ" (Алкмаар, Голландия) - 1:1
 

Подробнее:http://vesti.kz/uefa/180970/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;