Дзюдо

Дзюдошылар әлемдік Гран-приге дайын

Дзюдошылар әлемдік Гран-приге дайын
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның Анталия қаласында 6-8 сәуір күндері дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді.


Қазақстан ұлттық құрамасынан 20 балуан ел намысын қорғайды. Оның 11-і ер спортшы болса, 9-ы нәзік жандылар.

ҚР Дзюдо федерациясының мәліметі бойынша, ерлерден 60 келі салмақта Жақсыбек Жеңісбек пен Ержан Еренғайыпов сынға түссе, 66 келі салмақта Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов ел намысын қорғайды. Ал 73 келі салмақта Жансай Смағұлов пен Бекәділ Шаймерденов, сондай-ақ, 81 келі салмақта Дидар Хамза боз кілемге шығады. 90 келі салмақта Ерасыл Болат ел намысын қорғаса, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Виктор Демяненько, ал аса ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай мен Еламан Ерғалиев бас сынайды.

Қыздар арасындағы бәсекеде 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек, 57 келі салмақта Анна Казюлина мен Севара Нышанбаева ел намысын қорғайды.Бұдан басқа, 63 келі салмақта Иоланта Бердібековаға үміт артсақ, 70 келі салмақта отандасымыз Аэлита Щербакова мен Зере Бектасқызы сынға түседі. 78 келіге дейінгі салмақта Зарина Райфова, аса ауыр салмақта қос аруымыз Гүлжан Исанова мен Камила Берлікаш ел намысын қорғайды.

Түпнұсқасы: Baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер