Бокс

50 Cent: Головкиннің бірінші жекпе-жекте жеңіске жеткенін сезгенмін

news-banner7
mobile-news-top

Америкалық белгілі рэпер 50 Cent қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің өтпей қалғаны жайында пікірін айтты.

«Сайтан алғыр, менің жігітім Канело екі допинг-сынамадан құлап қалды. Өтірік мүләйімсімей-ақ қояйын: Головкиннің бірінші жекпе-жекте жеңіске жеткенін сезгенмін. Бірақ бұл осылай бітпеуі керек еді», - деді рэпер.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Канело арасындағы рематч 5 мамырға жоспарланған. Алайда ақпан айында Альварестің қанынан допинг табылып, соның салдарынан мексикалық боксшы жекпе-жектен бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер