Бокс

Тағы бір белгілі боксшы Головкинмен жекпе-жекке үміткерлер тізімінен сызылды

news-banner7
mobile-news-top

Промоутер Том Леффлер 5 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинмен шығуы мүмкін деп күтілген бірнеше үміткерді тізімнен сызып тастады.

«Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді, бірақ ресми орны әзірше жоқ. Билли Джо Сондерс жарақат алып қалды, сондықтан ол жұдырықтаса алмайды. Хильберто Рамирес 5 мамырға дейін дайын болмайтынын айтты, сондықтан басқа нұсқаларды іздейміз. Барлығын шешкен соң, хабарландыру жасаймыз», - деді Леффлер.

Осылайша, Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін боксшылардан Гэри О’Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мен Сергей Деревянченко қалып тұр. Бұған дейін Леффлер Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен Хайме Мунгиядан (28-0, 24 КО) бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер