Бокс

Головкин «Канелоның» мерекесінде көрермендерге сый жасамақ

news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес 5 мамырда Геннадий Головкинмен өтуі тиіс жекпе-жектен бас тартты. Осы орайда қазақстандық боксшы «Инстаграмдағы» ресми аккаунтында ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Baq.kz жазды.

«Синке де Майода үлкен сый алғыңыз келсе және нағыз чемпионның жекпе-жегін көргіңіз келсе, Вегаста жолығайық! 5/5/18», - деп жазды боксшы.

Бүгін ресми түрде «Канело» жекпе-жектен бас тартқан, ал Геннадий Головкиннің командасы 5 мамырда өтетін бокс кешінде өзіне қарсылас болатын боксшыны іздестіріп жатыр.

Еске сала кетсек, «Канелоның» допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп, денесінен тыйым салынған препарат кленбутерол табылған болатын. Бұған дейін Невада штатының атлетикалық комиссиясы жақында боксшыға қатысты үкім шығаратыны, сондай-ақ екі боксшы арасындағы рематч өтпей қалуы мүмкін екені хабарланды.

Айта кетсек, Синке де Майо - 1862 жылы 5 мамырда Пуэблдегі күресте мексикалық әскердің жеңісі құрметіне арнап тойланатын Мексиканың ұлттық мерекесі. Сауль «Канело» Альварес айтулы күнде GGG-мен жекпе-жек өткізуді қалаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер