«Қайрат» бірден үш легионерді қатарына қосты

«Қайрат» бірден үш легионерді қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубы бірден үш легионермен келісімшартқа отырды.

Бірақ бұл ойыншылар «Қайраттың» екінші командасында, яғни Бірінші лигада доп тебеді.

27 жастағы ганалық қорғаушы Гидеон Баа осы маусымаралық үзілісте алматылық командада байқауда болған. Футболшының мансабы өз отанында «Асанте Котоко» клубында басталған. 2013 жылы Баа Финляндия чемпионатына ауысып, «Хонк» сапында өнер көрсетті. Бір жылдан соң ХИК-тің жейдесін киіп, бұл клубпен бірге Финляндия чемпионы атанып, ел Кубогы мен Финн лигасының кубогын жеңіп алған. 2016 жылы футболшы америкалық «Нью-Йорк Ред Буллзбен» келісімшартқа отырып, оның сапында екі гол соқты. «Қайрат А» командасында Баа 48-ші нөмірмен ойнайды.

«Қайрат А» сапына ауысқан тағы бір жаңа легионер – Йорди Влегелс. Бельгиялық жартылай қорғаушы голландиялық футбол мектебінің түлегі саналады. Мансабын «Виллем II» сапында бастаған. 21 жастағы футболшы 2014 жылы команданың негізгі командасында дебютін өткізді. Бельгияның жасөспірім құрамаларында ойнаған. Ал екі жылдан соң голландиялық «Дордрехт» клубына ауысты. Бұл командада үш маусым бойы ойнап, 37 матчқа қатысқан. Алматылық клубта 56-шы нөмірмен өнер көрсетеді.

21 жастағы англиялық жартылай қорғаушы Мартин Малондо өз елінде «Уотфорд» клубының жастар командасында ойнаған. Сонымен қатар, Англияның басқа да клубтарында өнер көрсеткен. «Қайрат А» командасында ол 52-ші нөмірмен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер