Бокс

Альварес: Жекпе-жекті күткен жанкүйерлерден кешірім сұраймын

news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектен бас тартуы жайлы пікірін айтты.

Айта кетейік, ақпанда Канелоның қанынан допинг табылып, соның салдарынан 5 мамырға жоспарланған Головкин – Альварес жекпе-жегі өтпейтін болды. Мексикалық боксшының өзі жекпе-жектен бас тартты.

«Кездесудің өтпей қалғаны үшін бірінші кезекте бұл жекпе-жекті күткен жанкүйерлерден, сондай-ақ, осы кездесу үшін жұмыс істеген демеушілерден, журналистер мен НВО телеарнасынан кешірім сұраймын. Маған сенім артқандарыңыз үшін рақмет және өз фанаттарымды жарға жықпаймын деп уәде беремін», - деді Альварес Boxingscene-ге берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер