Beautiful Football

«Гэлаксиге» керек болмаған Деспотович «Астанаға» оралды

«Гэлаксиге» керек болмаған Деспотович «Астанаға» оралды
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотовичті америкалық «Лос-Анджелес Гэлакси» командасында өнер көрсетпейтін болды, деп жазады Prosports.kz батыс басылымдарына сүйене отырып.

Бұған дейін, шетелдік басылымдар 26 жастағы сербиялық футболшы «Лос-Анджелес Гэлаксимен» екі жылдық келісімшарт отырғанын, америкалық тарап Деспотович үшін «Астанаға» бір миллион евро төледі деп жазған болатын.

Алайда арада біраз уақыт өткенге қарамастан сербиялық футболшы жаңа командасының сапына ауысты деген ресми ақпарат шықпады. Осы уақыт аралығында америкалық клуб швециялық шабуылшы Златан Ибрагимовичті қатарына қосқан болатын.

Бүгін елордалық «Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының 2018 жылғы маусымында ойнайтын футболшылардың тізіміне Джордже Деспотовичті қосты. Бұл дегеніміз сербиялық футболшының елордалық команда сапында қалғанының белгісі. Ал «Лос-Анджелес Гэлаксимен» жүргізген келісөздері жайлы ақпарат әлі белгісіз.

Айта кетсек, «Лос-Анджелес Гэлакси» сапында атақты англиялық футболшы Дэвид Бекхэм доп тепкен кезде танылды. Англия құрамасының бұрынғы капитанынан бөлек калифорниялық командада Робби Кин, Стивен Джеррард, Найджел де Йонг, Лэндон Донован, Карло Кудичини қатарлы танымал футболшылар өнер көрсеткен. Ал бүгінде Англия құрамасының тағы бір ойыншысы Эшли Коул осы команданың намысын қорғап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер