Еркін күрес

Қазақстан құрамасы Әлем кубогында 9 салмақта бақ сынайды

Қазақстан құрамасы Әлем кубогында 9 салмақта бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен АҚШ-тың Айова-Сити қаласында өтетін Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 9 салмақ дәрежесінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

АҚШ билігі қазақстандық спортшыларға виза бермеген. Осы себепті біздің балуандар толық құраммен қатыса алмайды. Бұған дейін екі салмақта қатыса алмайды деп ақпарат шыққан болатын. Алайда Қазақстан құрамасы тек 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуан әкеле алмады.

Тек Қазақстан емес, Ресей мен Иран спортшылары да виза ала алмаған. Сол себепті олардың орнына Моңғолия мен Үндістан елдері шақыртылды.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасы Моңғолия спортшыларымен күш сынасады.

Жұптар келесідей:

61 килограмға дейін: Расұл Қалиев - Тувшинтулга Туменбилег.

65 килограмға дейін: Саятбек Оқасов - Батмагнай Бтчулуун.

70 килограмға дейін: Мейіржан Әшіров - Ганбаяр Санджаа.

74 килограмға дейін: Данияр Қайсанов - Манжакхаран Гандзориг.

79 килограмға дейін: Сәкен Айтжанов - Индерку Гантулга.

86 килограмға дейін: Елхан Асадов - Уйтумен Оргодол.

92 килограмға дейін: Ілесхан Чилаев - Туртогх Лувсандорж.

97 килограмға дейін: Мамед Ибрагимов - Батсул Улзисайгхан.

Ал 125 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсететін Дәулет Шабанбайдың қарсыласының әлі белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем кубогында Моңғолиядан бөлек, Әзербайжан және Куба спортшыларымен күш сынасады. Турнир 7-8 сәуір күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер