«Құпия» ақпарат
Басқа

Төрт дүркін Олимпиада чемпионын өзінің бапкері зорлап келген

Төрт дүркін Олимпиада чемпионын өзінің бапкері зорлап келген
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Совет одағына 4 алтын сыйлаған Ольга Корбут бапкері тарапынан зорлыққа ұшырап келген. Бұл туралы ол Пусть говорят бағдарламасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Олимпиада чемпионын 17 жасынан бастап бапкері зорлаған. Бапкері Ренальд Кныш Ольганы Мюнхенде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында өзімен жыныстық қатынасқа баруға мәжбүрлепті.

"Ол Мюнхен Олимпиадасына дейін маған ойына келгенін істеп, зорлап келді. Алғаш рет Минскідегі "Юбилейная" қонақүйінде бөлмесіне шақырып алды. Бұл өте ауыр. Мен бүгінге дейін осымен өмір сүріп келем. Ол тіпті Америкаға барғанда да мені нөміріне шақырып алып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлі түрде апарды. Қазір ол түк білмегендей кейіп танытқанымен, ештеңені де ұмытқан жоқ", - деді Ольга Корбут.

Кейін Ренальдтың тағы бір спортшы қызға зорлық көрсетілгені халық арасында кең таралып кеткен. Бірақ сотқа қатысқан Корбут бапкерінің өз жеңісіне үлесі көп екендігін ескеріп, айып тағудан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер