Kazakh Bet
Әлем футболы

Жеңіске жетелейтін ойын

Жеңіске жетелейтін ойын
news-banner7
mobile-news-top

Футбол мерекесі бүгін де жалғасын табады. Чемпиондар Лигасының ширек финалды аясында Ливерпуль өз алаңында Манчестер Ситиді қабылдаса, Рома Барселонаға сынақ тапсыруға барады.

Бүгінгі таңда Ағылшын біріншілігінде Пеп Гвардиоланың командасына тойтарыс беретін командалар аз. Алайда олардың ішінде Ливерпуль жоқ. Соңғы рет өз алаңында өткен ойында мерсисайдтықтар жеңіс тойын тойлаған. Жалпы, қос англиялық команданың арасындағы ойын әрқашан қызыққа толы болған. Стадионға жиналған жанкүйерлердің голдан кенде болған емес. Жеңіске жетуге тырысатын екі команда да шабуылға ден қояды. Ашық футбол ойнап, голды қарша боратады. Бүгін де командалар алаңнан гол соқпай кетпейтіні анық. Біздің болжам - екеуі де гол соғады. Сондай-ақ, бұл ойында тәртіп көп бұзылады. Себебі екі команда да ашық футбол ойнап, қорғаушылардың әбден мазасын алады. Біздің болжам - Ливерпуль 1.5-тен көп сары қағаз алады.

УЕФА Чемпиондар Лигасы. 1/4 финал. Алғашқы ойын

Ливерпуль - Манчестер Сити: екеуі де гол соғады - 1.60

Статистика: Ливерпуль сары қағаз 1.5-тен көп алады - 1.35

Екінші ойында каталондық Барселона италиялық Романы қабылдайды. Бұл жұпта бәрі белгілі. Романың келесі кезеңге шығуға мүмкіндігі тым аз. Оны жанкүйер қауым да жақсы түсінеді. Барселонаға жеребе жолдас болды. Өзіне қарағанда әлсіздеу қарсыласты оңай ұтып, жолдама мәселесін алғашқы матчта-ақ шешіп қою қажет. Месси мен Суарес бастаған каталондық команда кем дегенде 2-3 гол соғып, Тер Штеген қорғаған қақпаны бос ұстауға тырысады. Жалпы, Барселона қарсыласына қарағанда деңгейі жағынан бір бас жоғары. Сол себепті, ойланбастан алаң иелерінің жеңісіне бәс қоюға кеңес беремін. Біздің болжам - Барселона 1.5 доп айырмасымен жеңіске жетеді. Қосымша тағы бір болжам ұсынғалы отырмын. Соңғы уақытта тексеріп, бүгін сіздерге бірінші рет ұсынғалы отырмын. Бүгін ширек финалдың алғашқы ойыны болғандықтан төреші негізгі уақытқа 3.5 минуттан артық қоспауы керек. Біздің болжам - екінші таймға қосылатын қосымша уақыт 3.5-тен аз.

УЕФА Чемпиондар Лигасы. 1/4 финал. Алғашқы ойын

Барселона - Рома: Барселона 1.5 доп айырмасымен жеңіске жетеді - 1.65

Екінші таймға қосылатын қосымша уақыт 3.5-тен аз - 1.7

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер