русский язык

Нұркен Мазбаев «Тараз» командасының спорттық директоры болып тағайындалды

Белгілі футбол маманы, кезінде атақты ойыншы болған Нұркен Мазбаев туған жерінің командасы «Тараз» футбол клубының спорттық директоры болып тағайындалды.

Нұркен Қалдыбекұлы ақпан айынан бастап «Тараз» командасында жаттықтырушы – сұрыптаушы қызметін атқарып келеді.

Нұркен Мазбаев еліміздегі бірқатар клубтарда және ұлттық құрамада бапкердің көмекшісі болып қызметтер істеген. Оның қазақ футболына деген мол танымы мен тәжірибесі «Тараз» футбол клубының Бірінші лигада жақсы өнер көрсетуіне өз пайдасын тигізетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;