Қысқы

Уле Эйнар Бьорндален спорттағы мансабын аяқтады

Уле Эйнар Бьорндален спорттағы мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Биатлон спортынан сегіз мәрте Олимпиада чемпионы Уле Эйнар Бьорндален мансабын аяқтады. Бұл туралы спортшының өзі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты Sports.ru-ға сілтеме жасап.

- Мен биатлоннан шаршап, әбден тойғанымды айтсам болар еді. Бірақ менде мүлде ондай сезім жоқ. Мен тіпті әлі де бірнеше жыл бойы осы спортпен айналысқым келеді. Алайда, енді дәрігерлер мен отбасымның кеңесіне құлақ асуыма тура келіп тұр. Мен спортпен қоштасамын, - деді Бьорндален баспасөз мәслихатында.

Спортшының айтуынша, оның мансабын аяқтауына спорттан шаршағаны емес, денсаулығы себеп болып отырған көрінеді.

44 жастағы спортшының қоржынында биатлон спортынан жекелей сында 95 жүлде, ал командалық сайыстардан алған (командалық жарыстар, эстафеталар, аралас эстафеталар) 35 жүлде бар. Жекелей сында да, командалық есепте де жүлде қорынан Бьорндаленге тең келетін ешкім жоқ.

Ол соңғы рет 2014 жылы Сочи Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Ал соңғы мәрте әлем чемпионы атанған сәті - 2016 жыл. Хольменколленде (Норвегия) өткен Әлем чемпионатында 4х7,5 шақырымға эстафета жарысында жеңімпаз атанған болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер