Командалық

Қазақстандық ватерполшылар Оклендтегі Әлем кубогын жеңіспен бастады

news-banner7
mobile-news-top

Су добынан Қазақстан құрамасы (ерлер мен әйелдер) Оклендте өтіп жатқан Әлемдік лигасының Интерқұрлықтық кубогын жеңіспен бастады, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Ерлер құрамасы турнирдің тұсаукесер матчында Канада командасынан 10:9 есебімен басым түсті. Енді ертең отандастарымыз Аргентина құрамасымен күш сынасады.

Әйелдер құрамасы болса Жаңа Зеландияның екінші командасын 19:5 есебімен тас-талқан етті. Ертең жерлестеріміз Аустралия ұжымымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер