Футзал

«Қайраттың» жаңа бас бапкері қазақ тілін үйренуге уәде берді

«Қайраттың» жаңа бас бапкері қазақ тілін үйренуге уәде берді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайратпен» келісімшартқа отырған Кака арнайы баспасөз маслихатында жаңа командасы туралы ойымен бөлісті.


«Сенім артқандарыңыз үшін алғыс айтам. Мені оңай жұмыс күтіп тұрған жоқ. Команда алдына тек жоғары мақсаттар қойылды. Басты міндет - Еуропадағы ең мықты команда атану», - деді Кака.


Сондай-ақ, ол Игитаны алаңда ойнату тактикасынан бас тартпайтынын айтты.

«Бұл тактикаға қарсы болған емеспін. Егер ережемен рұқсат етілсе, қолдануға болады. Қақпашыны бесінші ойыншы ретінде қолданып ойнау керемет жоспар», - деді Кака.


«Мен әрдайым жаңа тілді үйренуге тырысамын. Қазақ тілін де мейлінше үйреніп алғым келеді. Орыс тілінде сөйлегендей еркін меңгермесем де елді түсінетіндей дәрежеге жете алам, - деді Кака.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер