«Астана» ойыншысының «Гэлаксиге» ауысуына Ибра кедергі болған

«Астана» ойыншысының «Гэлаксиге» ауысуына Ибра кедергі болған
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотовичті америкалық «Лос-Анджелес Гэлакси» командасында жақын арада өнер көрсетпейді, деп жазады Prosports.kz батыс басылымдарына сүйене отырып.

26 жастағы сербиялық футболшы америкалық «Лос-Анджелес Гэлаксимен» екі жылдық келісімшарт жасасқан болатын. Алайда арада біраз уақыт өткенге қарамастан сербиялық футболшы жаңа командасының сапына ауысты деген ресми ақпарат шықпады. Осы уақыт аралығында америкалық клуб швециялық шабуылшы Златан Ибрагимовичті қатарына қосқан болатын.

Қазіргі таңда «Лос-Анджелес Гэлакси» швециялық шабуылшыны алған себепті Джордже Деспотовичтен бас тартуы мүмкін.

Айта кетсек, америкалық клуб Джордже Деспотович үшін «Астанаға» 1 миллион евро төлеген болатын. «Лос-Анджелес Гэлакси» сапында атақты англиялық футболшы Дэвид Бекхэм доп тепкен кезде танылды. Англия құрамасының бұрынғы капитанынан бөлек калифорниялық командада Робби Кин, Стивен Джеррард, Найджел де Йонг, Лэндон Донован, Карло Кудичини қатарлы танымал футболшылар өнер көрсеткен. Ал бүгінде Англия құрамасының тағы бір ойыншысы Эшли Коул осы команданың намысын қорғап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер