Европа және Испан футболы
Әлем футболы

Антуан Гризманн «Манчестер Юнайтедке» ауыспайды

Антуан Гризманн «Манчестер Юнайтедке» ауыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Әйгілі британдық басылым «The Sun»-ның хабарлауынша, «Атлетико Мадридтің» шабуылшысы Антуан Гризманн жазғы трансфер терезесі кезінде «қызыл сойқандардың» қатарын толықтырмайды. Оған басты себеп каталондық «Барселонаның» Антуанға қызығушылық танытуында екен.

Гризманн «Барселонаның» қатарына Ресейде өтетін Әлем чемпионатына дейін қосылады және трансфер құны 100 млн еуроны құрайды деп күтілуде. Ертеректе «Атлетико» мен «Барселонаның» арасында өзара келісім бар деген хабар тараған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Гризманн осы маусымда «Атлетико» сапында 26 ойынға қатысып, 17 гол соқты және 8 нәтижелі пас шығарды. Бұл көрсеткіш бойынша Антуан Ла Лиганың ТОП-5 ойыншыларының қатарына кіреді.

Қабдешов Нұрмұхаммед

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер