русский язык
Хоккей

«Барыс» хоккей клубы «Амурдан» басым түсті

«Барыс» хоккей клубы «Амурдан» басым түсті

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» сырт алаңда «Амур» (Хабаровск) командасынан басым түсті.

Бұл матчта «Барыс» есепті бірінші болып ашты. Николай Антропов биылғы чемпионатта өзінің алғашқы шайбасын салып, команданы алға шығарды. Есеп - 1:0. Осыдан кейін «Амур» таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші кезеңде есеп айырмасын 1:3-ке дейін жеткізді. Алайда үшінші кезеңде «Барыс» өз шабуылдарын үдетіп, шайбаларды қарша боратты. Брэндон Боченски таразы басын бір шайбаға қысқартса, Талғат Жайлауов есепті теңестірді. Ал үш минут өтпей, Николай Антропов екінші шайбасын салып, дубльдың авторы атанды. Қорытынды есеп - 4:3.

Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, 46 ұпаймен жалпы турнирлік кестенің бірінші орнына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;