Fight Nights Global 86 турнирі: Тікелей трансляция
![Fight Nights Global 86 турнирі: Тікелей трансляция](https://prosports.kz/upload/news/content/3dc4080a0c101aac113b72b0b48a1992.jpg?v=28673753)
Бүгін Almaty Arena спорт сарайында «Fight Nights Global» халықаралық турнирі өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен американдық Тайсон Нэм арасында өтеді. Prosports.kz сайты турнирдің трансляциясына сілтемелер ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, кештің басталатын сәті Астана уақытымен сағат 17:00-де. Ал ММА шеберлерінің қатысуымен өтетін басты жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Кешті тікелей эфирде мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.
Бұдан бөлек, Жекпе-жектерді «Хабар» телеарнасы да тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Көрсетілім Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.