русский язык
Волейбол

Қытайда жағажай волейболдан «Гранд Слам» Әлемдік турының Сямыньдағы кезеңдік жарысы өтіп жатыр

Қытайда жағажай волейболдан «Гранд Слам» Әлемдік турының Сямыньдағы кезеңдік жарысы өтіп жатыр

Онда ұлттық құрама үздіктері бүгін жарыстың негізгі кестесінен бастайды.

Атап кетсек, Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко Латвия, Австрия және Нидерланды спортшыларымен күш сынасады. Жарысты бейсенбі күні бастайтын Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың қарсыластары әзірге белгісіз болып отыр. Олардың командалас серіктерінен кеше дәрежелік 1-раундта чехиялықтарды 2:1 есебімен ұтқан Бақтыгүл Самаликова мен Александра Варасова бүгін 2-раундта бразилиялықтарға жеңіліп қалды. Соның нәтижесінде 33-орынға табан тіреп, рейтингтік қоржындарына 160 ұпай қосты. Ұлттық құраманың өзге мүшелері болса кеше дәрежелік 1-раундта сүрінген болатын. Мәселен, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешо АҚШ спортшыларына, Владислав Пустынников пен Сергей Богату Германия спортшыларына жеңіліп, 33-орын мен рейтигтік 160 ұпайды қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;