русский язык
Бокс

Головкин «Канелоның» отандасымен бокстасуы мүмкін

Головкин «Канелоның» отандасымен бокстасуы мүмкін

5 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда бұл жекпе-жек мексикалықтың қанынан кленбутерол табылуы салдарынан өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты қазақстандық боксшының командасы өзге қарсылас іздеуге белсене кірісіп кетті. Бұған дейін Деметриус Андраде мен Сергей Деревянченко 5 мамырда рингке шығуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Енді Головкинге атағы шыға қоймаған мексикалық боксшы Джейми Мунгия (28-0, 24 КО) қарсылас атануы мүмкін екені анықталды. 21 жастағы боксшының осыған дейін бірде-бір атақты қарсыласы болмаған.

- Головкиннің командасы О’Салливан жайлы айтып жатқанын естіп қалдым. Сондай-ақ Джейми Мунгияға ұсыныс жасалды, - деп инсайдер Дэн Рафаэлдің сөзінен үзінді келтіріп отыр Boxingnews24.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;