Qbet17

ҚПЛ ойындарына болжам

ҚПЛ ойындарына болжам
news-banner7
mobile-news-top

Біраз уақыт үзіліс алған Қазақстан Премьер лига ойындары өз жалғасын табады. Бүгін үшінші тур аясында төрт матч өтеді. Әрі еліміздегі ең мықты командалар маңызды үш ұпайға талас жүргізеді.

«Ақтөбе» - «Қайрат»

Маусым басында аздап әурешілікке ұшырақған ақтөбеліктер осы турдан бастап негізгі ойыншыларын ойнатуға мүмкіндік алды. Енді олар тең ойын үшін емес, үш ұпай үшін күрес жүргізетін болады. Өкініштісі, оларға азулы алматылық ұжым тап келіп отыр. Бірақ, «Қайраттың» да айдарынан жел есіп тұрғаны шамалы. Анау айтқандай, ірі жеңіс тіркеле қоймас.

Шынын айтқанда, Испаниядан келген бас бапкердің тағдыры қыл үстінде тұр. Бүгін алматылықтарды осы жағдай ғана жеңіске жетелеуі мүмкін. Чемпионат басталмай жатып, ортаңқол командаға ұпай жоғалтатын болса, клуб басшылары бапкерлер алқасына кеңпейілділік таныта қоймас. Болжам, «Қайраттың» жеңісі. Коэффициент: 1.40

«Ақжайық» - «Ертіс»

Алғашқы екі турда өз алаңында батыстық екі команданы жеңген «Ертіс» бүгін тағы бір батыстық ұжыммен күш сынасады. Бірақ, бұл жолы өзі қонақта ойнайды. Жаңа маусым алдында құрамына өте көп өзгеріс енгізген екі команда арасындағы кездесу бұрынғыдан өзгеше болмақ.

Тек украиналық легионерлермен толыққан оралдық команда алғашқы екі турда жеңіске жете алмады. Бүгін өз алаңында барын салары сөзсіз. Бірақ, «Ақжайыққа» қарағанда алға қойған мақсаты жоғары повлодарлық ұжымның жеңістен дәмесі мол. Біздің болжам, «Ертіс» (1) көп гол соғады. Коэффициент: 1.67

«Астана» - «Қайсар»

Қазақстанның сөзсіз мықтысына айналған елордалықтардың ойынын жеңіске жете ме, жетпей ме деп емес, қандай есеппен жеңеді екен деп көретін жағдайға жеттік. Бүгін де өз алаңында қызылордалық клубқа допты қалай тебу керек екенін үйретіп қайтарары сөзсіз. Бірақ, қорғаныста сақ ойнайтын қонақтар ірі есеппен ұтылмайды деп болжап отырмыз. Қайсар фора (2.5). Коэффициент: 1.59

«Атырау» - «Ордабасы»

Биыл шымкенттік команданың да алға қойған мақсаты өте жоғары. Алғашқы екі турды өте сәтті өткізген олар енді атырауда да білгендерін жасағысы келеді. Алайда, жергілікті команданың да әлеуеті зор. Екінші турда «Қайраттың» өзіне қарымды қарсылық танытқан мұнайлы өлкенің жігіттері бүгін барын салады. Біздің болдам, Ордабасы соғады: иә. Коэффициент: 1.48

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер