Теннис

Юлия Путинцева Fed Cup Heart Award- 2018 номинациясын жеңіп алды

Юлия Путинцева Fed Cup Heart Award- 2018 номинациясын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Федерация кубогының ұйымдастырушыларынан Fed Cup Heart Award- 2018 жүлдесіне ие болды. Сауалнамада отандасымыз жапониялық Куруми Наруды артта қалдырды.

Аталмыш премия өз елінің намысын абыроймен қорғаған теннисшілерге табыс етіледі.

Юлия Путинцевадан өзге бұл сыйлыққа франциялық Кристина Младенович, сербиялық Ольга Данилович пен парагавайлық Монсеррат Гонсалес ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, Юлия Федерация кубогында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2017 жылы Қазақстан құрамасы сапында II Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне шыққан болатын.

Айта кетер жайт, былтыр бұл номинацияда тағы бір қазақстандық Галина Воскобоева жеңіске жеткен еді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер