русский язык
Бокс

Эдди Хирн: Канело допинг қолданса, енді ешқашан жұдырықтаспауы керек

Эдди Хирн: Канело допинг қолданса, енді ешқашан жұдырықтаспауы керек

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың промоутері Эдди Хирн мексикалық Сауль Альварестің допинг дауына қатысты пікір білдірді.

«Мұның әдейі не жазатайым болғанын ешқашан білмей кетеміз. Егер ол әйдейі алдаған болса, онда енқашан жұдырықтаспауы керек. Ал егер тек жолы болмаса, өкінішті. Ол енді сенімін қайтара алмайды», - деді Хирн.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 5-ші мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған. Алайда мексикалық боксшының қанынан тыйым салынған дәрумен табылып, 10-шы сәуірге дейін спорттан шеттетілді.

30 наурызда Канелоның ісіне қатысты алғашқы отырыс өтуі керек еді, алайда оны кейінге шегерді. Енді жекпе-жек тағдыры 18 сәуірде шешіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;