Қысқы

Екатерина Айдова коньки тебу спортынан ел чемпионатында топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Елордада шорт-трек пен коньки тебу спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Қазақстандық конькишілер маусымды күтпеген нәтижемен аяқтады. Классикалық көпсайыста спринтерлер жеңіске жетті.

Екатерина Айдова ел біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеді. Ол спринттен тыс басқа да қашықтықтарда топ жарды. Екінші орынды Татьяна Сокирко иеленсе, үздік үштікті Валерия Чадова қорытындылады.

Ал ерлер арасындағы спринт пен классикалық көпсайыста Иван Аржаников үздік атанды. Күміс жүлде Дмитрий Морозовқа бұйырса, қола жүлдені Демьян Гаврилов қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұл үш спортшымыз Дмитрий Бабенконың қол астында Минскте өткен студенттер арасындағы Әлем чемпионатында бақ сынаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер