русский язык
Бокс

Деметриус Андраде: Канело, жолдан бұлай тұр, Головкинмен мен шығамын

Америкалық боксшы Деметриус Андраде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы ойын айтты. Бұл туралы Baq.kz жазды.

«Геннадий Головкинмен рингте жекпе-жекке шықсам, мен үшін мәртебе болар еді. Мен өзімнен мықтыларға қарсы тұру машығым мен талантымды тексеріп көру үшін орташа салмақ дәрежесіне көтерілдім. GGG – 160 фунттағы біріктірілген чемпион, сондықтан мен онымен жекпе-жекке шыққым келеді. Жолдан бұлай тұр, Канело. Менің әлемді қайран қалдыратын кезім келді», - деп жазды ол әлеуметтік желі парақшасына.

Қазіргі уақытта Невада штатының атлетикалық комиссиясы ақпан айында допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен мексикалық боксшы Саул Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Сол себепті оның Головкинмен болатын жекпе-жегі әлі белгісіз күйде қалып отыр. Соңғы шешім 18 сәуір күні айтылады, ал жекпе-жек 5 мамыр күніне жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;