Головкин – Канело жекпе-жегінің тағдыры 18 сәуірде шешіледі
![Головкин – Канело жекпе-жегінің тағдыры 18 сәуірде шешіледі](https://prosports.kz/upload/news/content/514b275f483699142c10f62e68cce74b.jpg?v=28707150)
Мексикалық Сауль Альварестің допинг-сынамасына қатысты істің шешімі 18 сәуірде шығады.
Естеріңізге сала кетсек, 30 наурызда Канелоның ісіне қатысты алғашқы отырыс өтуі керек еді, алайда оны кейінге шегерді. Енді жекпе-жек тағдыры 18 сәуірде шешіледі.
Айта кетейік, NSAC шағымында былай деп жазылған: «Альварестің кленбутеролды әдейі не жазатайым қабылдауы анти-допингілік заңнаманы бұзу болып саналады».
Бұған дейін Невада штаты атлетикалық комиссиясының басшысы Боб Беннетт осы іске қатысты тексерістен соң, Канелоға қарсы шағым жазып, тәртіптік отырысты 18 сәуірге белгіледі.