«Астана» Томасовты 500 мың еуроға сатып алды

«Астана» Томасовты 500 мың еуроға сатып алды
news-banner7
mobile-news-top

Хорватиялық Jutarnji.hr сайтының ақпаратына сүйенсек, «Астана» былтырдан бері командада жалда жүрген Марин Томасовты сатып алды.

Қазақстандық клуб хорватиялық «Риекаға» қажетті құжаттарды жіберген – «Астана» Томасовты сатып алған екен. Жақын арада Марин «Астанамен» екіжылдық келісімшартқа отырады деп күтілуде. «Риека» 30 жастағы футболшы үшін 500 мың еуро алған.

Айта кетейік, осы маусымда Томасов ҚПЛ-дың алғашқы екі турында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ал Еуропа лигасының 1/16 финалында «Спортингке» қарсы ойындарда екі гол соғып, бір рет нәтижелі пас авторы атанды.

Белгілі Transfermarkt.de сайты Томасовты 1,7 миллион еуроға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер