Бокс

Абель Санчес: 5 мамырда кіммен болса да жұдырықтасамыз

news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Boxingscene.com-ға берген сұқбатында мексикалық Сауль Альвареспен рематчтың өтпей қалу мүмкіндігі жайлы пікірін айтты.

Айта кетейік, өткен айда Канелоның қанынан допинг табылып, боксшы уақытша спорттан шеттетілді. Бұл іске қатысты Невада штатының атлетикалық комиссиясы нақты шешімді сәуірде шығарады. Альварес пен Головкиннің екінші жекпе-жегі 5 мамырға жоспарланған.

«5 мамырда жекпе-жек өтеді деп үміттенемін. Біз лагерьде жұмыс істедік, сондықтан ешкіммен жұдырықтаспай қоюға себебіміз жоқ. Канеломен болсын, басқа біреумен болсын, біз 5 мамырда жұдырықтасамыз деп үміттенемін», - деді Санчес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер