«Шахтер» 10 елде ойнап шыққан футболшыны қатарына қосты

«Шахтер» 10 елде ойнап шыққан футболшыны қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Шахтер» швейцариялық шабуылшы Даниэль Суботичпен келісімшартқа отырды.

29 жастағы форвард «кеншілерге» дейін бірнеше клубта ойнап үлгерген. Мансабын швейцариялық «Базельдің» құрылымында бастаған Суботичті белгілі бапкер Гарри Реднапп англиялық «Портсмутқа» шақырған. Артынша, футболшыны бельгиялық «Зюлте Варегем», кейін англиялық «Саутенд Юнайтед» жалға алды.

Футболшы мансабын италиялық «Гроссетто», румыниялық «Университатя» мен «Тыргу-Муреш», украиналық «Волынь» клубтарында жалғастырған. 2013 жылы швейцариялық ойыншы әзірбайжандық «Габалаға» ауысты. Ал бір жарым жылдан соң кувейттік «Аль-Кадиссия» жейдесін киді. Артынша, молдавалық «Шерифке» көшіп, ел чемпионы болды, сондай-ақ, біріншіліктің үздік сұрмергені атанды. Былтырғы жылдың басында «Габалаға» оралған, бірақ жазда оңтүстіккореялық ««Ульсан Хендэ» клубына ауысты.

Қазақстан Суботич үшін мансабындағы 11 ел болып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер