русский язык
Футзал

«Қайрат» «ВИЗ-Синарадан» кек қайтарды

«Қайрат» «ВИЗ-Синарадан» кек қайтарды

Қарымта жолдастық кездесуде алматылық «Қайрат» «ВИЗ-Синарадан» басым түсті.

Алғашқы голды Бетао Сүлейменовтың тамаша пасынан кейін қапқа торына соқты. Былтырғы УЕФА кубогының үздік бомбардирі Фумасаның шебер ойының айта кеткен дұрыс. Дегенмен ресейлік ұжым есепті тез арада теңестіре алды. Алайда Какау жаттықтыратын ұжым бірден екінші голды соғып команданы есепте алға шығарды, Бетао дубльдың авторы атанды. Бірінші тайм «Қайраттың» жеңісімен аяқталды.

Үзілістен кейін Жаманқұловтың орнына алаңға Николай Пенгрин шықты. Біздің жігіттер бірнеше мүмкіндіктерін жіберіп алды. Кездесу барысында Бетао екінші сары қағаз алып алаңнан қуылды. «Синара» есепті теңестіру мақсатында алаңдағы қақпашыны ауыстырды, соны ескерген «Қайрат» қақпашы Игита алыстан соққы жасап, алматылықтардың үшінші голын соқты. Алаң қожайындары бар күшімен алғы ұмтылды, қорғаныстары жиі ашық қалып тұрды. Сол жағдайды пайдаланып Лео Сантана екі гол соғып, матчтың тағдырын шешті. «Синара» соңында бір гол соққанымен ірі жеңілістен қаша алмады. Қорытынды есеп 5:2 «Қайраттың» басым жеңісі.

Жолдастық кездесу. Екінші матч.

«ВИЗ-Синара»-«Қайрат» - 2:5 (1:2)

Голдар: Бетао 11, Бетао 17, Игита 37, Лео Сантана 39, 50 - Кузнецов 15, Агапов 38

Он метрлік соққы: Пенгрин («Қайрат») – қақпашы қайтарды .

«Синара»: Костромин, Замтарадзе - Мохов, Кузнецов, Власов, Афанасьев, Иванов, Бастриков, Букин, Качер, Зайков, Агапов, Герасимов, Сорокин

«Қайрат»: Игита - Лео Сантана, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов, Фумаса, Лео, Алешандре, Эулер, Бетао.

Ескерту алғандар: Лео, Бетао, Игита, Бетао (алаңнан құылды)

Төрешілер: И. Погонин (Каменск-Уральский), Э. Шаяхметов (Ревда)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;