Деспотович не үшін «Гэлаксиге» қосылмағаны белгілі

Деспотович не үшін «Гэлаксиге» қосылмағаны белгілі
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотовичті америкалық «Лос-Анджелес Гэлакси» командасы сатып алған болатын. Бұл туралы Prosports.kz бұған дейін жазған болатын.

Арада біраз уақыт өткенге қарамастан сербиялық футболшы жаңа командасының сапына ауысты деген ресми ақпарат шықпады. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, 26 жастағы футболшы қазіргі таңда Сербияда АҚШ елінің жұмыс визасын жасатып жатыр. Сол себепті Деспотович әлі жаңа командасына қосылған жоқ.

Америкалық клуб Джордже Деспотович үшін «Астанаға» 1 миллион евро төлеген. Футболшы екі жылдық келісімшартқа қол қойған. Енді сербиялық футболшы жақын арада командадан кетіп, мұхит асып доп тебеді.

Аталған команда жанкүйер қауымға атақты англиялық футболшы Дэвид Бекхэм доп тепкен кезде танылды. Англия құрамасының бұрынығы капитанынан бөлек калифорниялық командада Робби Кин, Стивен Джеррард, Найджел де Йонг, Лэндон Донован, Карло Кудичини қатарлы танымал футболшылар өнер көрсеткен. Ал бүгінде Англия құрамасының тағы бір ойыншысы Эшли Коул осы команданың намысын қорғап жүр.

Естеріңізде болса, АҚШ елінің MLS лигасында ойнайтын «Лос-Анджелес Гэлакси» командасына жақында ғана швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер