GGG — «Канело» жекпе-жегінің өтпей қалу қаупі бар
![GGG — «Канело» жекпе-жегінің өтпей қалу қаупі бар](https://prosports.kz/upload/news/content/533a36201a4b7aa0f272479977c53f2d.jpg?v=28707504)
АҚШ-тағы танымал Fathom Events кинотеатрлар желісі қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтпей қалуына алаңдаулы, деп жазады Prosports.kz.
Fathom Events кинотеатрлар желісі Головкин - Альварес жекпе-жегін көрсетуді жоспарлаған. Алайда мексикалық боксшының допинг дауына ілініп, уақытша шеттетілгеніне байланысты аталмыш жекпе-жекті көрсетуді бас тартып отыр. Бұдан бөлек, НВО телеарнасы «Канело» — GGG II жекпе-жегінің промо-кампаниясын 10-шы сәуірге дейін көрсетуді тоқтатқан.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 5-ші мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған. Алайда мексикалық боксшының қанынан тыйым салынған дәрумен табылып, 10-шы сәуірге дейін спорттан шеттетілді.