Еркін күрес

UWW Қазақстан құрамасына айыппұл салуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Америка Құрама Штаттарында өтетін әлем Кубогына қатыспауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұған себеп, қазақстандық төрт балуан АҚШ-қа аттану үшін визасын ала алмай отыр. Бұл туралы греко-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай мәлімдеді. АҚШ елшілігі төрт бірдей спортшыға себепсіз виза бермеген. Қазақстан тарапы Әлем Кубогын ұйымдастырушыларға аталған жайт туралы хабарлап, көмектесуді сұраған. Алайда мәселе шешілмеген.

Қазіргі таңда Қазақстаннан бөлек АҚШ-қа Ресей мен Иран балуандары да виза ала алмаған.

Егер де Қазақстан құрамасы әлем Кубогына қатыса алмаса UWW (Біріккен күрес әлемі) ұйымына үлкен көлемде айыппұл төлейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер