Қысқы

Биатлоншылар маусымды Щучинск қаласында аяқтайды

news-banner7
mobile-news-top

Ертең Щучинск қаласындағы республикалық шаңғы базасында IBU аясында биатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Аталмыш жарысқа Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей командалары қатысады. Ел намысын жетекші биатлоншылар қорғайды.

- Бұл базаның ашылуын 11 жыл күттік. Бұл өте әмбебап спорт кешен. Барлық әлемдік стандарттарға сай жасалынған. Болашақта биатлоннан Қазақстан құрамасы бұл жерде жаттығады. Сондай-ақ бұл базада халықаралық турнирлер өткізу жоспарда бар. Егерде халықаралық биатлоншылар кеңесі өз келісімін берсе, Щучинскте IBU кубогы, жасөспірімдер арасындағы жарыс өткіземіз. Тіпті Әлем кубогының кезеңін өткізуге де дайынбыз - деді Қазақстан биатлоншылар кеңесінің бас хатшысы Манас Үсенов.

Айта кетейік, өткен аптада жаңа шаңғы базасында шаңғы жарысы өткен болатын. Ендігі кезек - биатлоншыларда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер